Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

16 Қараша 2020, 17:03
2888
Бөлісу:
Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Жомарт Ертаев пен Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты сот үкімі шықты.

Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған 10 жыл бойы банктік және қаржылық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сот отырысы Алмалы аудандық сотының ғимаратында онлайн режимде өтті. Бұл іске байланысты экс-банкирден басқа тағы 36 айыпталушы қатысты.  

Прокурор экс-банкирдің өз кінәсін мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрағанын ескерді. Соңғы сөзінде ол «Құдай өзіне ақыл бергенін, алайда кей уақытта ардан аттағанын» мәлімдеді. Сондай-ақ Ертаев бостандыққа шыққан соң «Ешқашан өзгенікін алма» және «Нағыз бақыт деген не» тақырыбында кітап жазатынын айтты. 

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот былтырғы жылдың аяғында басталған болатын. Тергеу деректері бойынша қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. Қылмыстық іс 46 эпизод және 700 томнан тұрады. Айыптау актісінде 3600-дан аса парақша бар. 2019 жылғы 15 наурызда ҚР Бас прокуратурасының қызметкерлері қылмыстық жауапқа тарту үшін Ресей Федерациясынан Жомарт Ертаевты Астана қаласына экстрадициялады. Кейіннен маусым айында Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдары және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін «Bank RBK» АҚ Директорлар кеңесі төрағасы кеңесшісінің экс-көмекшісі Айдос Құсайыновты Украинадан экстрадициялаған еді.


Өзгелердің жаңалығы