Жолдыбалина: Жаңа Парламент – қоғамдық-саяси консенсустың нәтижесі

12 Қаңтар 2021, 20:20
1752
Бөлісу:
Жолдыбалина: Жаңа Парламент – қоғамдық-саяси консенсустың нәтижесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ең алдымен Nur Otan партиясының тізімі 70 пайызға жаңарғанын атап өткен орынды. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина осылай дейді.

Бүгін жария етілген Nur Otan партиясының тізімі ең алдымен 70 пайызға жаңарғанын атап өткен орынды. Яғни жаңа тұлғалар жаңа Парламентте заң шығарушы қызметті жүргізеді. Екіншіден, жаңа Парламент - қоғамдық-саяси консенсустың нәтижесі. Демек, қоғам тарапынан көрініс тапқан мүдделердің ескерілуі деген сөз. Үшіншіден, бекітілген тізімде қоғамдық пікір жетекшілері, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам арасында беделі жоғары адамдардың болуы жаңа Парламенттің кәсіби тұрғыдан өскенін көрсетеді, - деді Алуа Жолдыбалина.

Естеріңізде болса, бүгін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолдады.

Өзгелердің жаңалығы