Жолдаудың басты мақсаты – экономикалық-әлеуметтік бағытты дамыту

1 Қыркүйек 2020, 16:39
4796
Бөлісу:
Жолдаудың басты мақсаты – экономикалық-әлеуметтік бағытты дамыту
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен бүгінгі Жолдауда тізілген мәселелерді сараптай келе, былтырғы Жолдауда айтылған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы жалғасын табатынын айтты.

Қазіргі пандемиядан кейінгі экономикалық-әлеуметтік қалыптасқан жағдайды еңсеру жолында мемлекеттік құрылымдардың сақталуы, ұлттың сақталуына қатысты көптеген келелі мәселелерге үлкен мақсаттар қойылды. Ең басты мәселе, былтырғы жолдауда айтылған халық үніне құлақ асатын мемлекет мәселесі. Осы концепция өзінің жалғасын табады, - деді  ол. 
Сенатордың айтуынша, Жолдаудың ең басты мақсаты - экономикалық-әлеуметтік бағытты дамыту, пандемияның салдарын еңсеру және әділетті мемлекет құру.
Жолдауда азаматтардың мемлекеттік басқаруға араласуы, биліктің, азаматтардың жауапкершілігі, осы арақатынастың заң негізінде әділетті түрде қалыптасуы туралы өте жақсы концепциялар айтылды. Жолдаудың ең басты мақсаты - экономикалық-әлеуметтік бағытты дамыту, пандемияның салдарын еңсеру және әділетті мемлекет құру, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы