Мамин Жолдаудағы тапсырмалардың орындалуына кім жауапты болатынын айтты

3 Қыркүйек 2019, 10:13
1389
Бөлісу:
Мамин Жолдаудағы тапсырмалардың орындалуына кім жауапты болатынын айтты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің келесі сейсенбідегі отырысында президенттің Жолдауында айтылған тапсырмалар бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мақұлданады. 

Бұл туралы бүгін премьер-министр Асқар Мамин айтты.

IMG_5033-03-09-19-09-20.JPEG

«Мемлекет басшысы жолдауында экономиканы дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту бойынша үкіметтің алдына бірқатар міндеттер қойды. Жолдаудағы барлық бағыттар бойынша жалпыұлттық іс-шаралар жоспары дайындалады. Мемлекет басшысының жолдауының іске асырылуы толығымен қаржылай қамтамасыз етілуі қажет. Барлық мемлекеттік органдарға жалпыұлттық іс-шаралар жоспары бойынша ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне 5 қыркүйекке дейін өткізуді тапсырамын. Ал өз кезегінде министрлік тиісті қаулы жобасын 7 қыркүйекте үкіметке енгізу керек», - деді Асқар Мамин. 

Оның айтуынша, үкіметтің келесі отырысында жалпыұлттық іс-шаралар жоспары мақұлдануы тиіс. Сосын мемлекет басшысына бекітуге ұсынылады.

IMG_5037-03-09-19-09-20.JPEG

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Президенттің әрбір тапсырмасын орындау қатаң бақылауға алынып, орындаудың нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек», - деді премьер-министр.

Бұған дейін биылғы жылдың соңына дейін шағын бизнес компанияларын салықтан босату жөніндегі заң жобасы әзірленетінін хабарлағанбыз.

Өзгелердің жаңалығы