Жолдауда әлеуметтік көмекті нағыз мұқтаж жандарға беру керегі айтылды

1 Қыркүйек 2021, 13:18
2588
Бөлісу:
Жолдауда әлеуметтік көмекті нағыз мұқтаж жандарға беру керегі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. Мемлекет басшысы бүгінгі халыққа Жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметке инфляциялық дәлізді 4-6 пайызға қайтаруды тапсырды. Бұл туралы саясаттанушы Қазбек Майгелдинов пікір білдіру кезінде айтты.

Оның айтуынша, ұлттық экономиканың тұрақтылығы стратегиялық мәселе.

Осы жылдың шілде айында Ұлттық банк басшысы елдегі инфляция төрт жылдық рекордтқа жеткенін мәлімдеген. Президент өз Жолдауында ондай сылтауға жол жоқ екенін айтты. Меніңше, Президент дер кезінде әрі дұрыс реакция жасады. Отандық экономистер салдарымен күреспей, алдын ала дұрыс болжам жасап, инфляцияның өсуіне жол бермес үшін ұсыныстар жасай білуі қажет, - дейді Майгелдинов.

Саясаттанушы Самат Нұртаза Президенттің бүгінгі Жолдауында Қазақстан пандемияны қалай еңсеріп жатқаны сөз етілгенін айтады.

Президент мемлекеттік қарыздың аздығына байланысты еліміз пандемияны оңай еңсеріп жатқанын айтты. Бұл біздің бәсекеге қабілетті екенімізді көрсетеді, оны сақтап қалу маңызды, - дейді Самат Нұртаза.

Тағы бір белсенді Бауыржан Серікбаев Президент Жолдауында әлеуметтік көмекті нағыз мұқтаж жандар алу қажеттігі баса айтылғанын айтады.

Әлеуметтік көмекті шынында да мұқтаж жандар алуы тиіс. Жағдайы болса да ала берсем деп тегінге жүгіру санадан кетуі керек, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы