Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына кезекті Жолдауын жариялады.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов жолдауға қатысты пікір білдірді.
Профессор атап өткендей, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үшінші жолдауы сапалы дамуға арналды. Еліміздегі саяси-экономикалық реформалардың негізі бағыттарын айқындап берді. Әлемдік дағдарыс кезінде Қазақстан қандай мәселелерге баса көңіл бөлуі керегі көрсетілді.
Жолдауда халықтың тұрмыс жағдайын жақсартумен бірге мемлекеттік тілдің орны, мәртебесі жөнінде нақты айтылды. Мемлекеттік тілді білу отаншылдықтың белгісі деуі, қазақ тілінің дамуына жаңа мүмкіндіктер жасайды. Үкіметке қазақ тілінің ауқымын кеңейтіп, ғылым мен білім, тіліне толығымен айналдыру тапсырылды. Бұл - Қазақстанның ұлттық мемлекет болуына мүмкіндік жасайтын мәртебелі жол. Ойымыздың дұрыстығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Көші-қон заңының жаңа концепциясын жасау жөніндегі тапсырмасы дәлелдей түседі. Биылғы жылғы өтетін халық санағы да Президент Жолдауының өміршеңдігін көрсететіні сөзсіз, - деген пікір білдірді Әміржан Әлпейісов.Ол Жолдау ұлт көкейіндегі мемлекетшілдік идеяны іске асыруға септігін тигізетініне кәміл сенетінін айтты.