Жолдау тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар әзірленеді

2 Қыркүйек 2020, 10:31
2186
Бөлісу:
Жолдау тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар әзірленеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, ел алдында үлкен әрі күрделі міндеттер тұр. Қазіргі жағдай біздің нақты әрі үйлесімді қадамдарды талап етеді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономиканы әрі қарай дамыту бойынша үлкен міндеттер жүктелді. Жолдаудағы тапсырмаларды орындау нақты секторды белсенді дамыту және экспорт құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз етеді, - деді ол. 

Премьер-министр қазақстандық үлесті арттыру бойынша жаңа ұсыныстар дайындап, жаңа АӨК бағдарламасын әзірлеу керек екенін айтты. 

Экономиканың барлық саласын барынша  цифрландыру керек. IT саласының бизнеспен байланысын белсенді ұйымдастыру қажет. Жасыл технологияларды қолдану басым бағытқа айналуы тиіс. ШОБ тетіктерін қайта қарап, жетілдіру керек, - деді Мамин.

Премьер атап өткендей, бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі ұлттық басымдықтарды қамтамасыз етуі тиіс. 

Бюджеттік тыс қорларды ескере отырып, кеңейтілген бюджетті енгізу керек. Азаматтардың әл-ауқатын арттыру мақсатына аса мән беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік саясаттың жаңа деңгейі мен жаңа Әлеуметтік кодекс дайындау керек, - деді ол. 

Мамин атап өткендей, Жолдауды жүзеге асыру бойынша жалпыұлттық жоспар жасалады. 

Мемлекет басшысының Жолдаудағы тапсырмаларын уақытылы әрі толық жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар мен құралдар бар. Мемлекеттік органдарға 4 қыркүйекке дейін жалпыұлттық жоспар бойынша ұсыныстарын Ұлттық экономика министрлігіне енгізуді тапсырамын. Келесі отырыста Мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін жалпыұлттық жоспарды талқылап, бекітуіміз керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы