2025 жылы жол-көлік оқиғалары салдарынан 285 бала қаза тапты. Бұл – жол беруге болмайтын шығын деді ОКҚ баспасөз алаңында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
ІІМ өкілі балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі әлі де өзекті болып отырғанын айтады. Түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де, өткен жылы осындай 285 жағдайда бала қаза тапқан.
Зардап шеккен кәмелетке толмағандардың жартысынан астамы көлік құралдарының жолаушылары болған. Қалғандары – жаяу жүргіншілер, оның ішінде велосипедшілер, самокат пайдаланушылар және мопед жүргізушілері, - дейді спикер.
Сондай-ақ оның пікірінше, көп жағдайда балалар арнайы қауіпсіздік құрылғыларынсыз немесе қауіпсіздік белдігін тақпай тасымалданған. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өту, бағдаршамның тыйым салынған белгісінде жүру секілді әрекеттер де қайғылы жағдайларға әкелуде.
Қараңғы уақытта киімде жарық шағылыстыратын элементтердің болмауы қауіптің артуына себеп болады. Сондықтан әрбір ата-ана бала өміріне мұқият қараса. Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз, - деді Сарғұлов.
Бұған дейін Ғалым Сарғұлов елімізде жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендегенін айтты.