Жолдағы қабылдау. Бурабайдағы Абылай хан алаңында акция ұйымдастырылды

20 Маусым 2024, 18:18
359
Бөлісу:
Жолдағы қабылдау. Бурабайдағы Абылай хан алаңында акция ұйымдастырылды
VIDEO
Фото: скриншот

Ақмола облысы Полиция департаменті әкімшілік практика бөлімінің бастығы полиция майоры Арман Нұрсейітов "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясына жауапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Ақмола облысы ПД басшылығының бастамасымен алғаш рет еліміздің табиғи інжу-маржаны - Бурабайдағы Абылай хан алаңында өткізілуде.

Менің атым Арман Нұрсейітов.  Ақмола облысы Полиция департаменті әкімшілік практика бөлімінің бастығы, полиция майорымын. Менің негізгі міндеттерімнің бірі - бұл әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметінің әкімшілік заңнама нормасын дұрыс және біркелкі қолдану жөніндегі қызметті үйлестіру және ұйымдастыру. Сондай-ақ күн сайын азаматтардан келіп түскен өтініштерді, арыздарын және шағымдарын қарастыру. Біздің азаматтарымыздың полицияға жүгінуіндегі мәселелері кең ауқымды екенін атап өткім келеді. Әр үндеу әртүрлі және жеке болып табылады. Ал бүгін 2024 жылдың 14 маусымында жыл сайынғы "Жолдағы қабылдау" республикалық акциясы басталды. Азаматтар онлайн және офлайн форматта өзін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы