Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін таңғы сағат 07.43-те Нұр-Cұлтан-Алматы бағыты бойынша Эйр Астана әуе компаниясының А 321 әуе кемесі герметикалықты жоғалтудың техникалық себебіне байланысты ұшу әуежайы Нұр-Cұлтан қаласына қайта оралды, деп хабарлайы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-каналы.
Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды. Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған.
Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.