Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: Зардап шеккендер бар

Кеше, 23:15
498
Бөлісу:
Жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: Зардап шеккендер бар
Фото: pixabay.com

Лиссабоннан Лондонға қарай ұшып шыққан Tap Air Portugal ұшағы салонды түтін басуына байланысты португалиялық Порту қаласында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Mirror таратқан мәліметке сәйкес, бортта болған 194 жолаушының кейбіріне дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келген.

Ұшқыштар ұшақ әуеге көтерілген соң арада бір сағат 15 минут өткенде дабыл қағып, Портуға қонған. Салдарынан тоғыз адам ауруханаға жатқызылып, тағы екі адамға ұшақта көмек көрсетілді.

Португалия әуежайларының ұлттық операторы таратқан ақпарат бойынша, салоннан түтіннің шығуына ұшақтағы техникалық ақаулар себеп болған.

Қазіргі таңда нақты проблеманы анықтау үшін тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы