«Жолаушылар тасымалын» шетелдік басқарады

5 Қыркүйек 2019, 12:19
2410
Бөлісу:
«Жолаушылар тасымалын» шетелдік басқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры болып неміс маманы Михаэль Кортюм тағайындалды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Михаэль Кортюм темір жол саласында, оның ішінде жолаушылар тасымалында мол тәжірбиесі бар маман. Қайта құру, жобалау, жаңа
стратегияны жүзеге асыруда талай ірі жобаларды іске қосқан. Сондай-ақ, клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсету, сервис
мәселелері, жолаушылар тасымалындағы көптеген өзекті пробелмалардың шешімін тауып, осы бағытта талай игі бастамалардың жетекшісі болған.

Михаэль Кортюм 1969 жылы 3 ақпан күні Гамбургте дүниеге келді (Германия). Еңбек өтілі 1989 жылдан бастау алады. «DeutscheReichsbahn» Компаниясында (Неміс темір жолдары) қатарлы электромонтер. Артынан 5 жыл пойыз машинисті болып қызмет атқарып, жолаушылар пойыздарына қызмет көрсету бөлімінің супервайзері қызметіне ауысты. Одан кейін «DB Fernverkehr» компаниясының Солтүстік Сервис орталығының басшысы қызметінде. Солтүстік Германия өңіріндегі «DB InternationalGmbH» компаниясының басшысы. Соңғы жылдары Михаэль Кортюм Таяу Шығыс пен Солтүстік Германия бойынша команияның өндіріс бойынша бас директоры, «DB Engineering&Consulting» компаниясының бас директоры. «ValueEngineering / Asia and Pacific» және «DB Engineering&Consulting» атқарушы директоры болған (Берлин).


Өзгелердің жаңалығы