Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі қалай өзгереді?

31 Шілде 2020, 18:42
2590
Бөлісу:
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі қалай өзгереді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайдың жалғасуына, сондай-ақ пойыздардағы жолаушылар ағыны мен толу деңгейінің төмендеуіне байланысты "Жолаушылар тасымалы" АҚ ҚР ИИДМ-нің келісімі бойынша жолаушылар пойыздары қозғалысының қолданыстағы кестесіне өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Төмендегі жолаушылар пойыздарының жүруі уақытша тоқтатылады:

1) 2020 жылдың 9 тамызынан бастап Нұр-Сұлтаннан және 2020 жылдың 10 тамызынан бастап Достықтан жөнелтілетін № 258/257 "Нұр-Сұлтан-1-Достық" пойызы;

2) 2020 жылдың 12 тамызынан бастап Алматыдан және 2020 жылдың 13 тамызынан бастап Шымкенттен жөнелтілетін №25/26 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы;

3) 2020 жылдың 11 тамызынан бастап "Нұр-Сұлтан - Нұрлы Жолдан" және 2020 жылдың 12 тамызынан Алматыдан жөнелтілетін №4/3 "Нұр-Сұлтан – Нұрлы Жол – Алматы-2" пойызы. 

Бұл ретте аталмыш пойыздың рейстері келесі күндер бойынша тоқтатылады: Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан 2020 жылдың 4, 6, 8 және 10 тамыз күндері, Алматы-2-ден 2020 жылдың 5, 7, 9 және 11 тамыз күндері.

Келесі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі уақытша қысқартылады:

1) №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы пойыз аптасына 3 реттен 1 ретке дейін, жөнелтілуі Алматыдан 2020 жылдың 12 тамызынан бастап (сәрсенбі күндері сақталады), Шымкенттен 2020 жылдың 13 тамызынан бастап (бейсенбі күндері сақталады);

2) №10/9 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Алматы-1" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден күнара, жөнелтілуі Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жолдан 2020 жылдың 10 тамызынан бастап (жұп күндері сақталады), Алматыдан 2020 жылдың 11 тамыздан бастап (тақ күндері сақталады);

3) №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" бағытындағы пойыз аптасына 4 реттен 2 ретке дейін, жөнелтілуі Алматыдан 2020 жылдың 14 тамызынан бастап (жұма және жексенбі күндері сақталады), Шымкенттен 2020 жылдың 15 тамызынан бастап (сенбі және дүйсенбі күндері сақталады). Бұл ретте, аталмыш пойыз 2020 жылдың 13 тамызында Алматыдан жөнелтілуі тоқтатылды;

4) № 603/604 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Арқалық" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден 4 күнде 1 рет, жөнелтілуі 2020 жылдың 11 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жолдан (тақ күндері сақталады), Арқалықтан 2020 жылдың 12 тамызынан бастап (жұп күндері сақталады);

5) № 67/68 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол – Өскемен-1" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден 4 күнде 1 рет, жөнелтілуі "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жолдан" 2020 жылдың 12 тамызынан бастап, Өскеменнен 2020 жылғы 13 тамыздан бастап. Бұл ретте, аталмыш пойыз 2020 жылдың 3, 5, 7, 9, және 11 тамыз күндері "Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жолдан" жөнелтілуі тоқтатылады;

6) № 31/32 "Алматы-2 – Павлодар" бағытындағы пойыз күн сайынғы кестеден бір күн сайын, жөнелтілуі 2020 жылдың 4 тамызынан бастап Алматыдан (жұп күндер бойынша сақталады), 5 тамыздан бастап Павлодардан (тақ күндер бойынша сақталады). Бұл ретте, аталмыш пойыз Алматыдан 2020 жылдың 3 тамызында жөнелтілуі тоқтатылады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған пойыздарға бұрын жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеген жолаушылар жол жүру құжаттарын қайтарып, билет құнын толық көлемде ала алады немесе басқа балама пойыздарға билеттер сатып алуына болады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі.

Теміржол қатынасы Атырау және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, республиканың барлық өңірінде сақталған.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық анықтамалық ақпаратты "105" нөмірі бойынша білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, коронавирус инфекциясының таралуы кезінде белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды, сондай-ақ бұрын жол жүру құжаттары (билеттері) сатып алынған пойыздардың мәртебесін тексеруін сұрайды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы