Ақтөбеге шұғыл қонған ұшақ бортында жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Ақтөбе халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін сағат 12:40-та Екатеринбург-Сочи бағыты бойынша Boeing-777 ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонған.
27 мамыр күні сағат 12:40-та Екатеринбург-Сочи бағыты бойынша ұшқан Boeing-777 ұшағы Ақтөбе халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Оған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған. Қонғаннан кейін әуе кемесіне жедел әрекет ету қызметі мен медициналық бригада шұғыл жөнелтілді, - делінген әуежайдың хабарламасында.