Жол жөндеу жұмыстарының сапасы жіті бақылауда

11 Мамыр 2022, 20:05
1994
Бөлісу:
Жол жөндеу жұмыстарының сапасы жіті бақылауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Қарағанды облысында автокөлік жолдарының ахуалын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Жол жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, жол жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы мен жол-құрылыс материалдарын тиімді қолдану Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының жіті бақылауында.

Сонымен қатар бұл жұмыстарға Авторлық және техникалық қадағалау қызметі мен аккредиттелген зертханалар да жұмылдырылмақ.

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы жіті бақылауда

Жөндеу жұмыстары жалпы ұзындығы 464 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар 29 автокөлік жобасында іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ Жошы хан және Домбауыл кесенелеріне апаратын ұзындығы 19,5 шақырымды құрайтын автокөлік жолын жөндеу де көзделіп отыр.

Ағымдағы жылы ұзындығы 131 шақырымды құрайтын 8 жол учаскесінде де жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар қалалық және аудандық автокөлік жолдарының техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 300 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдар, елдімекендер мен кентішілік көшелерде жөндеу жұмыстары іске асырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстарына жалпы саны 4 мың бірлік жол-құрылысы техникасы мен 7 мыңнан астам адам тартылмақ. Жалпы, өңірдегі жергілікті маңызы бар жолдардың 86 пайызын нормативті деңгейіне келтіру жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы