Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстарының кешігуіне байланысты «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ және ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің бірқатар қызметкерлері жауапкершілікке тартылды.
Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеу бойынша тапсырмасын уақытылы орындамағаны үшін «QAZAVTOJOL «ҰК» АҚ БҚО филиалының директоры Әмір Кәрімбаев жұмыстан босатылды.
Бұдан басқа, әкімшілік сипаттағы шаралар QAJ орталық аппараты мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің басшылықтағы бірқатар қызметкерлері мен мамандарына қатысты қолданылды.