Төрт өңірде тас жолдардың жабылуына байланысты шамамен 400 адам пойызбен тасымалданды, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы.
3 қаңтарда Сарыбель, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай курорты станцияларынан Ұлттық тасымалдаушының пойыздарымен шамамен 400 жолаушы тасымалданды. Тасымалдау жұмыстары жалғасып жатыр, - делінген хабарламада.
Ұлттық тасымалдаушы азаматтарды қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап, аса қажеттілік болмаған жағдайда ұзақ сапарлардан бас тартуға шақырады.