Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

3 Тамыз 2023, 12:34
1433
Бөлісу:
Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады
PHOTO
Фото: автордан

Алматыдағы «ҚазжолҒЗИ» АҚ зертханасы республикалық маңызы бар жолдардың сапасын жіті қадағалап, сапалы материалдардың рейтингін қалыптастырады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Материалдар алдымен зертханалық жағдайда және әртүрлі климаттық аймақтарда жол сынақтарының екі жылдық циклінде апробациядан өтеді. Тексеру нәтижелерін жол құрылысы сарапшылары, ғалымдар, жобалаушылар техникалық кеңес кезінде зерделейді.

Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

Техникалық кеңестің төрт отырысы өткізіліп, онда тізімге енгізу үшін 52 технология мен материалдар қарастырылды. Оның ішінде апробацияланған мәртебеге ие 25 технология бар. Мысалы, олардың қатарына геосинтетикалық материалдар, органикалық және химиялық топырақ тұрақтандырғыштары, асфальтты бетонның қасиеттерін жақсартатын битум модификаторлары, адгезиялық қоспалар, т.б. жатқызуға болады. Айта кетерлігі, геоматериалдың пайдасы – жолдың құрылымын сақтайды. Егер геотекстиль болса, жолдың жойылуын тез арада байқаймыз. Үш техникалық кеңесте геотекстиль материалының жабдықтаушылары бізге көптеген мағлұмат берді. Презентация жасады. Оларға сұрақтар қойылды. Осы салада жұмыс істейтін ұйымдар өздерінің пікірлерін білдірді. Біз жолға мониторингті екі жыл қатарынан жүргіземіз. Жолдың 200 метріне материалдар салынады. Егер осы уақыт аралығында жолымыз сапалы болса, салуға руқсат етіледі. Осылайша әр материалдардың рейтингі пайда болады, – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар департаментінің директоры Әсел Нұғманова.

Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

Бүгінде мердігер компаниялар салынып жатқан жол құрылысына ең жақын карьерден шағыл тасын пайдалана бастаған. 

Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

Мамандардың пікірінше, бұлай істеген тиімді, себебі материал мен техниканы тасымалдау шығындары азаяды. Сондай-ақ «ҚазжолҒЗИ» АҚ зертханасындағы ғалымдардың тексерісінен өткізілген жолдың материалдары да әртүрлі жағдайда төзімділік танытатын көрінеді. 

Дәл қазір біз «Қапшағай – Күрті» республикалық маңызы бар автомобиль жолында тұрмыз. Бұл жолдың құрылысы «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы» Орталық-Оңтүстік дәлiзiн реконструкциялау» жобасы бойынша жүзеге асып жатыр. Жұмыс қарқынды жүзеге асып жатыр. Біз жол құрылысын бастамас бұрын зертхана мамандарымен ақылдасып аламыз. Өз елімізде шығарылған өнімдерді жолға пайдаланамыз. Мұндағы эксперименттік учаскенің ұзындығы шамамен екі жүз метрді құрайды. Бұл жерде республикалық маңызы бар жолдың жұмысы жүріп жатыр. Бұл жол арқылы жүк те тасымалданады, қарапайым көліктер де қатынай алады. Сол себептен барлығы қарастырылған. Біз осы аймақтың табиғатына, жауын-шашынға төтеп бере алатын материалдарды таңдап алдық. Қазіргі уақытта жол құрылысының материалдарының бағасы өсіп кеткен. Сәйкесінше, ыстық-суыққа төзімді, сапалы материалдарды алу да қымбатқа түсе бастады. Сол себептен материалдардың өз елімізде өндіріле бастағаны қуантады. Алдағы уақытта цифрлық база іске қосылса, баға тұрақталып, сапалы материалдардың рейтингі көрсетіледі деген сенімдемін, – дейді мердігер команияның бас инженері Денис Степанов. 

Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

Мамандардың пікірінше, жол инфрақұрылымының жақсаруы экономиканың дамуына оң серпін береді. 

Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

Неғұрлым берік және сенімді жолдардың болуы, оларды жөндеу мен күтіп ұстау құнын төмендетеді. 

Жол құрылысындағы ең сапалы материалдар тізімі жасалады

Сондай-ақ өңірлер мен елдер арасындағы көлік қатынасын жеделдетіп, сауда мен инвестицияның өсуіне ықпал етеді.

Еске салайық, «ҚазжолҒЗИ» АҚ зертханасында жол-құрылыс материалдары мен инновациялық технологиялардың бірыңғай деректер базасы әзірленді. 

Сондай-ақ дрондардың көмегімен республикалық маңызы бар автожолдардағы барлық көпір құрылысы мен жол өтпелері цифрландырылатыны туралы жазып едік. 

Өзгелердің жаңалығы