Елімізде көлік қозғалысының жылдамдығын төмендету мәселесі қаралмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Оның айтуынша, елді мекендерде жылдамдық лимиті 60 км/сағ болып қала береді.
Жалпылама түрде біз жылдамдықты төмендетеміз деген мәселе жоқ,-деді ол.
Министрдің айтуынша, қалаларда 60 км/сағ шектеуі қолданылады, ал мектептердің маңында және қоғамдық орындарда жылдамдық қосымша жол белгілерімен реттеледі.
Біз әр жағдайға жеке қарап, көлік қозғалысының қарқыны мен жол учаскесінің ерекшеліктерін ескереміз,-деді министр.