Жалған нөмірі мен төлемеген айыппұлы бар көліктерді қосымша арқылы анықтауға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жолдағы қауіпсіздік қашанда маңызды. Қауіпсіз жол шарасының басты мақсаты да сол - жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Осы тұрғыда ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова брифинг барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.
5 ақпаннан бастап ай соңына дейін жеке құрам күшейтілген режимде жұмыс жасайды. Қауіпсіздік үшін жолдағы нарядтардың тығыздығы артылды. Күн сайын республика көлемінде 7000-нан астам потрульдік полиция қызметкері, оның ішінде 1500-ға жуығы қала сыртындағы автожолдарда жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Қауіпсіздік белдіктерін, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалану және маңызды аспектілерге назар аудару ұсынылады. Сондай-ақ автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салынады, - деді ол.
Сондай-ақ екі апта ішінде көлік жүргізушілері бұзған құқықбұзушылық туралы ақпараттармен бөлісті.
Өткен екі аптада 175 мың жол ережесін бұзу туралы заң бұзушылық анықталды. Соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша – 5000-нан жоғары, жолаушыларды заңсыз тасымалдағаны үшін -150-ге жуық, мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркеусіз болғаны үшін – 1320, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін – 700-ге жуық құқықбұзушылық тіркелді, - деп атап өтті спикер.
Қазір "Қорғау" қосымшасының пайдасы туралы сөз етілді.
"Қорғау" қосымшасы автоматты түрде жалған нөмірмен жүрген немесе міндетті сақтандырылмаған көліктерді көрсететін болады. Сондай-ақ іздеуде жүрген, өтелмеген айыппұлы бар көліктерді айқындайды. Осыған дейін бұл үшін әрбір көлікті тоқтату керек болатын. Ал бұл қосымша өзі камера арқылы анықтап, жақын маңайдағы полиция қызметкерлерінің планшетіне хабарлама жібереді, - дейді ол.