Коронавирус. 22 жолаушы анықтамасыз келген

5 Сәуір 2021, 12:50
1413
Бөлісу:
Коронавирус. 22 жолаушы анықтамасыз келген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 сәуірде ел аумағына Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 39 халықаралық әуе рейсі келді.

5 101 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 079 адам, анықтамасыз 22 жолаушы келген. 

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 3 030 жолаушы, анықтамамен - 3 013, анықтамасыз - 17;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, 1115 жолаушы, анықтамамен - 1112, анықтамасыз - 3;

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, 517 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 295 жолаушы анықтамамен келген;

Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 6 жолаушы анықтамамен келген;

Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 136, анықтамасыз - 2.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

3 сәуірде шетелден анықтамасыз келгенжолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 9 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы