2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жөнделуі керек – Президент

1 Қыркүйек 2020, 12:03
1206
Бөлісу:
2025 жылға дейін 24 мың шақырым жол қайта жөнделуі керек – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Көлік-логистикалық саланы дамыту да аса маңызды. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 1-кезеңі сәтті өтті. Ол елорда мен өңірлерді жалғастыруға мүмкіндік берді. Көлік жүйесінің жаңа инфрақұрылымдық негізі қалыптасты. Елдің жаһандық көлік дәліздеріне жол ашты, - деді ол. 

Президент атап өткендей, «Нұрлы жолдың» 2-кезеңі көліктік-транзиттік сектордың көшбасшы рөлін нығайту үшін жұмыс істеуі керек. 

Елдің бәсекеге қабілеттігі қарқынды инфрақұрылымдық жобалардың есебінен өсуі керек. 2025 жылға дейін 24 мың шақырым жолды қайта жөндеп, барлық республикалық жолды сервиспен қамтамасыз ету керек, - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Өзгелердің жаңалығы