Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінеді?

29 Қазан 2020, 17:05
1993
Бөлісу:
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты. 

Елімізде 700 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалады. Ол республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды қайта жөндеу мен жөндеу жұмыстарына жұмсалады. Біздің тарапымыздан сапаға аса көңіл бөлінеді. 20 мыңнан астам шақырым жолға тексеру жүргіздік. Бұл республикалық және жергілікті бюджеттен тікелей келісімшартпен жүзеге асырылып жатқан іс. Жергілікті бюджет бойынша 2 млрд теңгеден астам келісім шарт бар. Әр облыс әртүрлі, - деді ол. 

Сағынов атап өткендей, ұлттық орталық тек сапаға жауап бермейді. 

Тапсырма беруші мен инженер комапния, авторлық коимпания арасындағы жұмысты қадағалау бойынша бірге жұмыс атқарамыз деп ойлаймын, - деді ол. 

Ол атап өткендей, осы жылдың 9 айында «Нұрсұлтан-Щучье» жол учаскеде жылдамдықты сағатына 150 шақырымнан жоғары арттырудың 8280 тәртіп бұзушылық фактісі тіркелген. 

Тәртіп бұзушылықтың 58 жағдайында жылдамдық сағатына 200 шақырымнан асып түссе, БМВ машинасымен бір жүргізуші сағатына 238 шақырымды жылдамдықпен жүргені анықталып отыр. Осы учаскедегі тіркеу камераларының, әкімшілік полиция комитетінің дерекқорымен біріктірілмеуі салдарынан, тәртіп заң бұзушылар талайды жазадан құтылып кетуде, - дейді Сағынов.

Өзгелердің жаңалығы