«Жол картасы» жаңа экологиялық мәселелермен толықты

14 Қыркүйек 2023, 20:39
872
Бөлісу:
«Жол картасы» жаңа экологиялық мәселелермен толықты
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Өңірлердегі экологиялық проблемаларды кешенді шешу үшін әзірленген «Жол карталарына» жаңа іс-шаралар қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 2023 жылы министрліктің өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша «Жол карталары» өзектендіріліп, жаңа іс-шаралармен толықтырылды. Сондай-ақ, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарына арналған жаңа «Жол карталары» келісу сатысында.

Жоспарланған іс-шаралар елдің экологиялық қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді. Бұл 2025 жылға қарай атмосфералық ауаның сапасын жақсартуға, 7 жаңа кәріз суларын тазалау орталығын салуға және 12 ескі осындай орталықты жаңғыртуға ықпал етпек. Сондай-ақ 24 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға, тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіруге және жоюға, қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін ағымдағы 15% - дан 30% - ға дейін жеткізуге қозғаушы күш болады, - деп жазылған министрліктің ресми сайтында.

Айта кетейік, 2020 жылы жұртшылық көтерген проблемалық мәселелерді ескере отырып, министрлік 16 «Жол картасын» әзірледі, онда 485 іс-шара көзделген болатын. Оның ішінде бүгінгі күні 162 іс-шара орындалды.

Атап айтқанда:

Ақмола облысы, Аршалы ауданында жел электр станциясы іске қосылды;

Түркістан облысында «Түркістан жылу» МКК қазандығы табиғи газға ауыстырылды;

Арал қаласында қуаттылығы жылына 37,8 мың тонна болатын жаңа ҚТҚ салынды;

Маңғыстау облысында 2025 жылдың соңына дейін іске асыру мерзімімен "Қошқар-ата" тарихи ластануын жою басталды;

Атырау облысында «Тухлая балка» булану өрісін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде;

Атырау облысындағы Жайық өзенінің арнасын, оның арналары мен салаларын браконьерлік балық аулау торларынан тазарту;

Астана және Алматы қалаларында кедергі келтіретін тұрақ аймақтарын құра отырып, қоғамдық көлікке көшу бойынша халықты ынталандыру тетігі әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы