Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жол ережесін бірде-бір рет бұзбаған: Шымкентте үздік жүргізушілер анықталды

9 Қаңтар 2025, 06:28
624
Бөлісу:
 видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Шымкенттің көшелерінде ерекше рейд өтті. Патрульдік полицейлер толығымен заңға бағынған автокөлік тізгіндеушілерді анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол жүру қағидаларын ешқашан бұзбаған жүргізушілерді тәртіп сақшылары қалалық полиция департаменті бастығының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Олардың арасында 57 жастағы Шахадат Саитова бар. Қала тұрғыны 20 жылдан астам көлік жүргізіп келеді және осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзған емес.

Аталған іс-шараларды шымкенттік тәртіп сақшылары қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы