Жол бойында 300-ден астам әмбебап әжетхана орнатылады

19 Шілде 2019, 13:58
3854
Бөлісу:
Жол бойында 300-ден астам әмбебап әжетхана орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «QazAvtoJol» акционерлік қоғамы 2019-2022 жылдары ел аумағындағы жолдар бойына 304 санитарлық-гигиеналық торап (әмбебап әжетхана) қоюды жоспарлап отыр. 

«QazAvtoJol» АҚ бизнесті дамыту департаментінің директоры Рустам Исаевтің айтуынша, KazWay жылы павильонын Нұр-Сұлтан – Шучинск, Нұр-Сұлтан – Көкшетау, Нұр-Сұлтан – Павлодар тас жолдарының бойына орнату өткен жылдан бастап қолға алынды. Былтыр жалпы саны 12 далалық әмбебап әжетхана қойылған. Ал биыл тағы ақылы тас жолдардың бойына 16-сын орнату жоспарланып отыр. Оның төртеуі Нұр-Сұлтан – Теміртау тас жолының бойына орнытылады. 

«Алдағы үш жылда елімізде 304 әмбебап әжетхана орнату жоспарда тұр. Қазір Қазақстанда жол бойында 800 жуық жарамсыз әжетхана бар. Олар демалыс орындары мен далалық тас жолдардың бойында орналасқан. Одан бөлек, жол бойында орналасқан жеке секторлардың иелігінде 800 жуық әжетхана бар», - деді Исаев.     

Оның сөзінше, биыл 53 әмбебап әжетхана орнатылатын болады. 

«Санитарлық-гигиеналық торап немесе KazWay павильонын орнатуға қойылатын арнайы техникалық талаптар бар. Арнайы ғылыми кеңес отырысында қаралды. Біз үшін аталған нысанның жыл бойы жұмыс істегені маңызды. Әмбебап болған соң ішінде барлық жағдай жасалады», - деді департамент директоры.

Бір павильонның орташа бағасы – 15-16 млн теңге. QazAvtoJol барлық өңірде, яғни дала жолдарындағы әрбір 50 шақырым сайын дала әжетханасын ортануды көздеп отыр. Айта кетсек, аталған әжетханалар ақылы болады. Бағасы шамамен бір адамға – 50 теңге.



Өзгелердің жаңалығы