Уэльс (Ұлыбритания) студенті 19 жастағы Эллис Пирс жол апатынан кейін ми шайқалуы салдарынан бала кезінен еркін меңгерген валлий тілінде сөйлеу қабілетін жоғалтқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Daily Star басылымының мәліметінше, ағылшын тілі Пирстің ана тілі болғанымен, ол валлий тілін еркін меңгерген еді. 2024 жылдың қарашасында Пирс жолдағы тайғақтан жол апатына ұшырап, бас миына зақым келген жағдайда ауруханаға түсті. Балалық шағынан таныс тілін ұмытып қалған Пирс өз туған қаласында бөтен адамдай сезінген.
Ол оқитын Аберистуит университетінің курстарының үштен бірі валлий тілінде жүргізілген, ал оның көптеген достары ағылшынша аз сөйлейтін. Нәтижесінде студент толық оқшауланған күйде қалды.
Мен айналамдағы адамдарды түсінбей қалдым, тіпті ең қарапайым электрондық хатты оқытушыға жаза алмадым, - дейді Пирс.
Сонымен қатар оған паникалық шабуылдар, мазасыздық және когнитивтік бұзылыстар әсер еткен, сондықтан ол тіпті қарапайым Lego конструкторын жинай алмаған.
Дәрігерлер Пирсте ми шайқалуын анықтаған. Пирстің ойынша, дәл осы жарақат тілдік қиындықтарға себеп болған, ал депрессия тек жағдайды нашарлатқан. Паникалық шабуылдардан құтылу үшін ол таза ауада отын кесумен айналысқан. 2025 жылдың маусымына қарай оның валлий тіліндегі сөйлеу қабілеті толық дерлік қалпына келген.
Университеттегі бағалары төмендегенімен, бұл оның соңғы балына әсер етпеген.