Жол апатынан 3 адам қаза тапты

Бүгiн, 15:11
175
Бөлісу:
Жол апатынан 3 адам қаза тапты
Фото: әлеуметтік желіден

Батыс Қазақстан облысында бүгін жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға сағат 10:30-дардың шамасында Казталов-Жәнібек жолының 111 шақырымында орын алған. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімдеді. 

Орал қаласынан 447 шақырым жердегі Өнеге ауылының маңында "Ford Focus" көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан жүк көлігін басып озбақ болған. Бірақ қарсы бағыттағы "Chevrolet Cobalt" автомобилін аңғармаған. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан "Ford Focus" жүргізушісі мен "Cobalt" көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Жол апатынан 3 адам қаза тапты
әлеуметтік желіден

Жол апатына ұшыраған "Ford Focus" көлігіндегі 4 жолаушы қазір түрлі дене жарақатымен Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізіліпті. 

Үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық, ал біреуінің жағдайы өте ауыр. Науқасқа қазір интенсивті терапия палатасында тиісті ем көрсетілуде, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 


Тайыр Жәнібек

Өзгелердің жаңалығы