Жол апатынан 13 адам қаза болды

Бүгiн, 11:41
505
Бөлісу:
Жол апатынан 13 адам қаза болды
Фото: Erbol

Боливияда Томайкури қаласы маңындағы автожолда автобус жартасты соғып, соның салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Eadaily.com сайтына сілтеме жасап.

Шамамен 20-дай  жарақат алған адам Льяллагуа қаласына ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта 13 адамның қаза тапқаны туралы мәлімет бар, – деп хабарлады полиция өкілі.

Белгілі болғандай, автобус Сукре қаласынан Оруро қаласына қарай бет алған.

 Алайда жауын-шашын салдарынан болған көшкіннен кейін жолдан шығып кетіп, тасқа соғылған.

Өзгелердің жаңалығы