Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жол апатына себепкер жылқы: Бейнеу-Ақтау тас жолында екі адам қаза тапты

27 Қазан 2025, 23:50
362
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

26 қазан күні таңертең Бейнеу-Шетпе-Ақтау тас жолында қайғылы оқыиға орын алды. Бұл туралы BAQ.KZ Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен таңғы сағат 7:30-да Mercedes-Benz жүргізушісі жолда келе жатқан жылқыны қағып кеткен. Артынан келе жатқан Nissan Teana көлігі тежегішті уақытында баса алмай, ол да жылқымен соқтығысқан.

Апат салдарынан Mercedes-Benz көлігіндегі екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы - "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы