Жол апаты. Жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады – министр

30 Шілде 2024, 10:52
970
Бөлісу:
Жол апаты. Жыл сайын 2 мыңнан астам адам қаза табады – министр
Фото: pixabay.com

Үкіметі отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов елімізде көлік апаты неге көбейгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі.
Жыл сайын елімізде жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бұл орны толмас шығындар. Апаттардың өсуіне бірінші тіркеу тәсілдерінің өзгеруі әсер етті.
Екінші – автотранспорттың өсуі. 
Үшінші – инфрақұрылымның жағдайы.
Төртінші – жүргізушілер тәртібінің сапасы, – дейді ведомство басшысы.

Министр мәселелерді шешу жолдары Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясында көзделгенін (еск - 2024-2028 жылдарға) айтады.

Оның тиімділігі көбіне әкімдіктер мен уәкілетті органдардың белсенділігіне байланысты. Қазір бұл байқалмайды. Қаржыландыру қалдық принципімен бөлінеді. Мысалы, «Vision Zero» бағдарламасы тек Алматы мен Павлодарда жүзеге асырылуда. Қалған әкімдер жарақат алуды азайту бағдарламасында жағдайды жақсарту бойынша нақты шаралар көрсетпеген.
Әрине, мұның барлығы жергілікті бюджетке байланысты. Дегенмен осының бәрі адам өмірі менден саулығына тікелей әсер етеді, – деді Ержан Сәденов.

Өзгелердің жаңалығы