Жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы туралы белгілі болды

19 Қыркүйек 2022, 14:13
810
Бөлісу:
Жол апаты: Зардап шеккендердің жағдайы туралы белгілі болды
Фото: автордан

Павлодарлық дәрігерлер «Қызылорда-Павлодар» тас жолының бойындағы апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Павлодардағы BAQ.KZ  тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, жол апаты Қалқаман ауылынан 10 шақырымдық жерде болды. Зардап шеккендердің барлығы Өскемен қаласының тұрғындары болып шықты.

Апаттар медицинасы бригадасы мен жедел-жәрдем қызметінің мамандары оқиға орнына 12 минутта жетті. Өкінішке қарай, алты және 14 жасар балалар тілге келместен көз жұмды. Ересектер Павлодар қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. Жеткіншектер көптеген жарақатпен балалар аурухунасына жатқызылды.  Қазіргі уақытта төрт баланың денсаулығы орташа деңгейде. Кезекті дәрігер тексері жүргізді. Сонымен қатар диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр, - дейді мамандар.

Павлодар №1 қалалық ауруханасы мамандарының айтуынша, зардап шеккен бес азаматтың екеуі полижарақат алған. Бас милары шайқалған. Тағы екі әйел ауруханаға жатудан бас тартты. 

Ауруханаға машина ішінде болған үш адам түсті. 1984, 1956 және 1991 жылға науқастар көмегімізге жүгінді. Олардың ішінде болған 32 жастағы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Ол амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. Қалған екеуі полижарақаттар бөлімінде емделіп жатыр. Қазіргі уақытта жағдайлары орташа, яғни, алаңдауға негіз жоқ. Жағдайлары тұрақты, - дейді Павлодар қалалық №1  ауруханысы басшысының орынбасары Алмаз Қайтаев.

Айта кетейік, апатқа ұшырағандардың барлығы бір-біріне туыс болып келеді. Шағын автобус «Қызылорда-Павлодар» бағытында келе жатып тас жолдың шетіне шығып кеткен. Қазіргі уақытта полиция қызметтік тексеріс бастады. 

Өзгелердің жаңалығы