Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жол апаты: Қаза тапқандардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін борт жіберілді

12 Қыркүйек 2025, 12:31
943
Бөлісу:
 IIM
Фото: IIM

ІІМ Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізу үшін жіберілді. Қаза тапқандардың ішінде — бес әйел Қарағанды облысынан, біреуі Астана қаласының тұрғыны екені белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Бортта марқұмдардың денелерін сәйкестендіру және басқа қажетті рәсімдерді өткізу үшін жол-көлік оқиғасында қаза тапқандардың туыстары ұшып барады. Борт қаза тапқандардың денелерін өз аймақтарына жеткізу үшін де пайдаланылады. 

Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеу ұйымдастыру жұмыстарын оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылды, - деді ІІМ ресми өкілі - департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Еске сала кетейік, шағын автобус жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Оқиға орнында сегіз адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға барар жолда көз жұмды

Сондай-ақ, қаза тапқан азаматтар Бекет-Атаға бара жатқаны туралы жаңа деректер шықты.

Өзгелердің жаңалығы