Жоқ, бұл – хайп емес. Рақымбеков бюджеттің басым бөлігі қай салаға жұмсалатынын айтты

16 Қараша 2020, 17:15
1227
Бөлісу:
Жоқ, бұл – хайп емес. Рақымбеков бюджеттің басым бөлігі қай салаға жұмсалатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары, «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнама жүргізу штабының жетекшісі Төлеутай Рақымбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бюджеттен сайлауалды іс-шаралар үшін партияларға бір тиын ақша бөлінбейді. Ол сайлау комиссияларының шығыны. Ол - ақпарат, жарнама беруге арналған ақша, - деді ол. 

Сондай-ақ Рақымбеков әлеуметтік желілердегі бюджет қаражатына қатысты жазбалары туралы сұраққа жауап берді. 

Жоқ, бұл – хайп емес. Мен көптен бері ол туралы ашық жазып та жүрмін. Өкінішке қарай, мемлекеттен бөлінетін ақшаның көбі бөлігі ірі шаруа қожалықтарына ғана жетеді. Ал шағын шаруа қожалықтары бұл көмекке жетпей жатады. Ол арзандатылған несие мен субсидияға да қатысты болып отыр. Өкінішке қарай, тауар өндірушілердің 3-4 пайызы ғана 97-98 пайыз қаражатқа ие болады. Шағын шаруа қожалықтарын қосқанда, ол 75 пайызды құрайды. Сонда шағын шаруа қожалықтарының 75 пайызы мемлекеттің көмегінсіз тауар шығарып отыр деген сөз, - деді ол.
Бұған дейін «Ел Аманаты» жалпыұлттық сауалнама жүргізу штабының жетекшісі Төлеутай Рақымбеков ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысы туралы брифингте «Ел аманаты» туралы айтты. 
Өзгелердің жаңалығы