Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 2 қарашасында Жоғарғы сот кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) 237 судьяның бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялады.
Оның ішінде:
Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 10;
Аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағаларының бос орындары – 98;
Облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 19;
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 110, - делінген хабарламада.
Нақты лауазымдар және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат Кеңестің vss.gov.kz сайтында орналасқан.