Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев АХҚО сотының төрағасы Лорд Бернеттпен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.
Іс-шараға сондай-ақ АХҚО сотының және ХАО Регистраторы Кристофер Кэмпбелл-Холт қатысты.
Кездесу барысында Асламбек Мерғалиев Қазақстанның сот жүйесі мен АХҚО соты арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум аясында дауларды АХҚО соты мен ХАО қарауына беру үдерісі жанданғанын атап өтті. Шетелде аталған соттардың шешімдерін тану және орындау тетіктері талқыланып, АХҚО Сотын ілгерілетуге және оның ТМД елдеріндегі мәртебесі туралы ақпараттандыруға көмек көрсетілді.
ЖС төрағасы Жоғарғы Соттың АХҚО инвесторлар мен бизнесті тарту орталығына айналуына мүдделі екенін, бұл, өз кезегінде, Қазақстанның сенімі мен инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті.
Лорд Бернетт, өз кезегінде, Жоғарғы Сотпен Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында АХҚО соты мен ХАО төрелік орталығының қызметі туралы хабардар етті.
Тараптар бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуді талқылады және мұндай өзара іс-қимыл АХҚО сот органдарының қызметін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.