9 сәуірде 20 жастағы жігіттің жақындары Ескелді ауданының полициясына ұлының жоғалып кеткені жайлы арызданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полицейлер із-түссіз жоғалған жігітті тапты. Жігіттің отбасымен қауышқан қуанышты сәті таспаға түсіп қалды.
18 маусымда жоғалған жас жігіттің орналасқан жері анықталды, ол Алматы қаласында болған. Полицейлердің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жоғалған жігіт аман-сау ата-анасына тапсырылды, – деп атап өтті Ескелді АПБ бастығының орынбасары Исатай Қаинбаев.