Нұр-Сұлтанда жобалық кеңсе ашылды

2 Шілде 2019, 19:44
2111
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда жобалық кеңсе ашылды
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Қазақ мемлекеттік заң университетінде білім саласындағы "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды.

Бақылау жөніндегі аумақтық департаменттер жанындағы жобалық топтардың тармақталған желісі бар кеңсесінің ресми ашылу салтанатына ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қатысты.

IMG_3152-02-07-19-04-58.JPEG

"Білім саласында жемқорлықпен күресті күшейтіп, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру қажет. Бұл салада біраз келеңсіз оқиғалар орын алып отырғанын өздеріңіз де байқап жүрсіздер. Бұл өте ауқымды сала. 10-15 млн Қазақстан азаматының білім саласына қалай болса да, күнделікті қатысы бар", - деді Аймағамбетов жобалық кеңсенің ашылу салтанатында. 

IMG_3146-02-07-19-04-58.JPEG

Ол білім саласында болып жатқан мәселелердің барлығы халықтың басты назарында екенін айта кетті. 
Ал Шпекбаев қол қою рәсімінде ҚазМЗУ қабырғасында сыбайлас жеморлықтың фактілері кездеспейтін еліміздегі жоғары оқу орындарының бірі екенін айтты. 

IMG_3143-02-07-19-04-58.JPEG

Жобалық кеңсе М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ базасында ҚР БҒМ және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ академиялық сараптама саласынан тартылған тұлғалар мен қоғам өкілдерінен құрылды. Бұл жоба Білім және ғылым жүйесіндегі тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін жоюға, сонымен қатар азаматтардың Министрлікке, білім беру ұйымдарына және ғылыми ұйымдарға деген сенімін арттыруға бағытталады. 

IMG_3144-02-07-19-04-58.JPEG

Бұл нәтижеге сыбайлас жемқорлық фактілерін талдау және азайту, бизнес үрдістерді оңтайландыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жолымен қол жеткізілетін болады.

Аталмыш жобалық кеңсе Білім және ғылым жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пәрменді шаралар әзірлейтін және осы салада стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыратын тиімді құрылым болады деп күтілуде.

Өзгелердің жаңалығы