Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғарғы сот азаматтардың сот жүйесінің өзекті мәселелері бойынша өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап береді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Сұрақтарды 2-20 желтоқсан аралығында pressa.sud@mail.ru электронды жәшігіне жіберуге болады.
Аталған іс-шараны ұйымдастырушылар келіп түскен сұрақтарды модерациялау құқығын өзінде қалдырады. Мәселен, өңдеуге соттардың және жалпы сот жүйесінің жұмысы туралы сұрақтар ғана қабылданады. Сұрақтар одан әрі сот ісін жүргізу нысаны және әкімшілендіру мәселелері бойынша жүйеленетін болады.
Нақты сот істері мен шығарылған сот актілеріне қатысты сұрақтар қабылданбайды.
Сындарлы әрі маңызды сұрақтардың жауаптары 2020 жылғы қаңтарда Жоғарғы соттың интернет-ресурсы мен аккаунтында орналастырылатын болады. Мүдделі тұлғаларды диалогқа шақырамыз, - делінген хабарламада.