Бірыңғай жиынтық төлем туралы 3000 адам хабардар болды

6 Ақпан 2019, 11:25
3144
Бөлісу:
Бірыңғай жиынтық төлем туралы 3000 адам хабардар болды

Астана, BAQ.KZ. Еш жерде ресми жұмыс істемейтін, алайда табыс табатын азаматтар бар. Олар зейнетақы мен медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайды. Мұндай азаматтарды өзін-өзі жұмыспен қамтығандар дейді.

Оның ішінде жүргізуші, бала күтуші, қорадағы азын-аулақ малын сатып, табыс табатын өзге де қазақстандықтар бар. Биыл 1 қаңтардан бастап оларға бірыңғай жиынтық төлем жасап, мемлекеттен көмек алуға мүмкіндігі туды. Бұл ақпартты азаматтарға құлақтандыру мақсатында «Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту» орталығы аудан әкімдерінің есеп беру кездесулеріне келген азаматтарға 3000 мыңға тарта азаматтарға ақпараттық парақшалар берді.

«БЖТ азаматтарға не береді? Алдымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) қатысып, әлеуметтік төлемдерді алуға мүмкіндігін арттырады. Екіншіден, зейнетақы жүйесіне қатысып, аталған жүйеге қаты­су өтіліне қарамастан базалық зейнетақы төлемдерін алады. Үшіншіден, еңбекке жарамсыз­ды­ғына, жұмысынан, асыраушысынан айырылуына, жүктілігі мен бала тууына, ұл немесе қыз баланы асырап алуына, баланы 1 жасқа дейін күтуіне байланыс­ты әлеуметтік төлемдер алуға мүмкіндігі болады» - деді «Астана қаласы әкімдігінің жұмысмпен қамту» Орталығының Кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Азамат Байтасов.

БЖТ жаңа салық түрі емес, бұл төлемнің төрт түрін, яғни жеке табыс салығын, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар жасауға жағдай туғызады. Аталған төлем бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ірі қалаларда 2525 теңге, басқа өңірлерде 1262 теңге төлейді. Қазіргі таңда бұл меxанизм «Қазпошта» АҚ терминалдары (https://post.kz/Finance/payment/foms/cumulative/pay) сондай-ақ екінші санаттағы банктің мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асуда.

«Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту» Орталығы берген ақпарат бойынша, қалада 129 мыңнан астам азаматттың әлеуметтік мәртебесі жоқ. Бүгінде оның 74 мыңы өзектендіріліп, қалған азаматтармен тиісті жұмыстар атқарылуда. Айта кетейік, қаңтар айынан бастап 70 ге жуық азамат БЖТ төлеп үлгерген.

 

Өзгелердің жаңалығы