Қостанай облысындағы Жітіқара қаласында таңғажайып экзотикалық жемістер өсіріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жылыжайда алғаш егілген өсімдіктің бірі – лавр жапырағы. Биіктігі жеті метрден асады. Сонымен қатар лайм ағаштары жемісін төгіп тұр. Бағбандар бір гектар аумаққа өсімдіктің жүзге жуық түрін жерсіндірген. Ал қияр өндірістік мақсатта егіледі. Флористерді қызықтыратын сирек гүлдер де жайқалып тұр. Жылыжай иесі гүлденген питахАйя жемісін ерекше мақтан тұтады. «Айдаһар көзі» деген екінші атауға ие өсімдіктің отаны Америка. Жақында жылыжайға тамшылатып суару жүйесін енгізу жоспары бар.
Тамшылатып суару жүйесін біз осы аптаның соңына қарай не келесі аптада орнатуға күш саламыз. Сол себепті кезекті графиктер және суару схемасы тұрғызылған. Алдымызда итальян асүйінің тағамдарын дайындау үшін толықтай тағамдарын өсіру мақсатымыз бар, – дейді шаруа Саян Сайран.