19 қаңтарда Жітіқара полициясы жануарларға қатыгездік көрсету бойынша қылмыстық іс қозғады. Оған қала аудандарының бірінде иттердің жаппай атылуы себеп болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Қылмыстық іс қаланың қоғамдық пабликтерінің бірінде жарияланған соң қозғалды. Қоғамдастық хабарламасында айтылғандай, бірнеше иттің өлекселері қала маңындағы елді мекендердің біріне жеткізілген, артынша далаға лақтырып кеткен.
Жақында біздің қала қатыгездік пен жануарларды қыру бойынша барлық рекордтарды жаңартатын шығар. Бұл иттер қарумен өлтірілген, "Строитель" саяжайларының жанына лақтырып кеткен. Әрине, полицияға арыз жаздық, - деп жазды автор.