Жириновский бала тууды доғаруға шақырды

7 Маусым 2021, 20:09
1571
Бөлісу:
Жириновский бала тууды доғаруға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Владимир Жириновский Қытай Үкіметінің қытайлықтарға үшінші рет балалы болуға рұқсат беру туралы шешіміне қатысты пікірін білдірді.

ҚКП ОК Саяси бюросының мәліметі бойынша, мұндай шешім елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

ЛДПР жетекшісі Қытайдың Үкіметінің бұл шешіміне келіспейтін азаматтардың ойы өте дұрыс екенін айтты.

Бейжің техникалық мәселелер туралы ойлайды: кім жұмыс істейді, зейнетке шығатындарды қалай ауыстыруға болады және т.б. Бірақ Қытай болсын немесе басқа елдердің басшылығы болсын, ең алдымен, экономиканың ғана емес, әйелдердің де мүдделерін ескеруі керек. Қазір, тіпті, бір баланы өсіру өте қиын. Мәдениет деңгейі өскен жерде неке құру жасы да артады. Бүгінде Қытайда бұрынғыдай 23 жаста емес, 28 жасында үйленеді. Өйткені адамдар өздері үшін өмір сүргісі келеді, кәсібін барлық жағынан өз деңгейлерін көтеру үшін пайдаланады. Ал Қытай басшылығы «кәнеки, туыңдар» деп отыр. Яғни, ол қытайлық әйелді «адам өндірушіге» айналдырғысы келеді. Міне, халықтың өзі мұны қаламайтын уақыт келді. Және бұл дұрыс, - деп атап өтті саясаткер өзінің Telegram-каналында.
Жириновскийдің сөзінше, әр отбасында тек бір бала болу керек.

Сонда ғаламшарда халықтың өсуі тоқтайды: Біз 7 млрд емес, бірақ 6-5-4-3-2-1 деп кеми береміз. Мүмкін 500 млн халық жер бетінде жақсы өмір сүретін шығар. Егер Қытай және халық саны көп басқа елдер тууды ынталандыру саясатын жалғастырса, онда ғасырдың ортасында ғаламшардағы адам саны 10 млрд болады. Біз олармен не істейміз? Барлығына су, тамақ, баспана, тауар өндіруге арналған шикізатты қайдан аламыз? Ғаламшар зиянды шығарындылардан зардап шегеді, соғыс болады, миллиондаған адамдар аштық пен кедейлікке душар болады. Біз адамзат үшін мұндай болашақты қаламаймыз, - деп түйіндеді ол.

Өзгелердің жаңалығы