Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдағы Жалпы ішкі өнімнің көлемі 103,2% болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жедел деректер бойынша 2022 жылғы қаңтар-желтоқсандағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты көлем индексі (НКИ) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,2% болды.
Ең үлкен өсімді көрсеткен салалар:
- құрылыс – 9,4%;
- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 9,1%;
- көтерме және бөлшек саудада сату, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу – 5%;
- көлік және қоймалау – 3,9%:
- өңдеу өнеркәсібі – 3,4%.
ЖІӨ – нарықтық бағалардағы өндіруші-резиденттердің өндірістік қызметінің түпкілікті нәтижесі.
ЖІӨ-нің НКИ экономикада нақты кезеңдегі тауарлар мен қызметтер өндірісі көлемінің өзгерісін сипаттайды.
2022 жылғы қаңтар-желтоқсан бойынша нақтыланған алдын ала деректер биылғы 21 сәуірде жарияланады.