Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы партияның ресми сайтында жарияланды.
Бүгін "Ауыл" партиясы фракциясының отырысы өтті. Отырыс барысында ағымдағы партиялық қызметтің мәселелері, соның ішінде партияның саяси кеңесінің президиумына Мәжіліс депутаты, фракция мүшесі Жигули Дайрабаевты партияның төрағасының орынбасары лауазымынан босату туралы ұсыныспен жүгіну туралы шешім қабылданды, - делінген хабарламада.
Жигули Дайрабаев 1954 жылы 29 қазанда дүниеге келген.
2022 жылдың желтоқсан айынан бастап "Ауыл" ХДП төрағасының орынбасары (партияның 2022 жылғы 23 желтоқсандағы съезінде сайланған) болды.