Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбектердің дәстүрі бойынша жас жұбайлардың ата-анасы жаңа үйленген жастарға сарпо (жасау) береді.
"Ешлар" ("Молодежный") телеарнасының мәліметінше, жас жұбайлар тойдан кейін бірден ажырасып кеткен. Себебі, күйеуіне әйелінің ата-анасы сыйлаған Өзбекстанда жасалған киім ұнамай қалған.
Аталмыш телеарнада Өзбекстанның Навои облысында жас отбасылар арасында ажырасу себептері туралы, сонымен қатар жанұяда болатын түрлі проблемалар туралы сюжет көрсетілді. Сюжетте жас жігіт тойдан кейін қалыңдығының ата-анасы «нашар киім-кешек» сыйлағанына шағымданып, содан кейін ажырасуға тура келгенін айтты.
Жергілікті дәстүр бойынша жас жұбайлардың ата-анасы балаларына сарпо (жасау) береді: ер адамдарға – киім-кешек пен аяқ киім, ал қыздарға – ыдыс-аяқ, төсек жабдықтарын сыйлайды.
«Маған Түркияда жасалған киім сыйлайды деп ойлағанмын. Алайда, олар жергілікті жерде жасалған қажетсіз заттарды сыйлады», - деді ер адам телеарнаға берген сұқбатында.
Ол оның достарына тойдан кейін түріктің сапалы киімдері мен аяқ киімдерін сыйлағанын айтып қапаланды.
«Ағалары мен ата-анасы (қалыңдықтың – ред.) жақсы жерлерде жұмыс істейді. Маған да сондай сапалы заттар сыйлайды деп ойлаған болатынмын», - деді қалыңдығына ренжіген жігіт.
Жігіттің ата-анасы сыйлаған киімі экс-қалыңдыққа ұнады ма деген сауалға ол үнсіздікпен жауап берді