Жібек жолы үні: Алматыда халықаралық музыкалық мәдени апталығы басталды

24 Мамыр 2024, 06:45
243
Бөлісу:
Жібек жолы үні: Алматыда халықаралық музыкалық мәдени апталығы басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда «Ün Music Week» халықаралық музыкалық мәдени апталығының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жібек жолы үні» фестивалі әлемдік деңгейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шара ШЫҰ, Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігі, сондай-ақ әлемдегі музыкалық нарықтарды біріктіретін ұйымдардың бастамасы негізінде қолға алынды.

Фестиваль – әлем елдерінің музыкалық мәдениетін біріктіріп, арадағы ынтымақтастықты жақсартатын үлкен бастама, – деді ШЫҰ Цифрлық технологиялар платформасы пилоттық жобасының жетекшісі Тон Дань.

Шоукейс апталығына 9 мемлекеттің өнерпаздары қатысады. Орындаушыларды 12 елден келген сарапшылар бақылап, келісімшарттар мен меморандумға қол қойылады. Әртістер халықаралық музыка нарығына жолдама алады.

«Ün Music Week» атты фестивальдің маңызын түсінбей жатқан сияқтымыз. 25 мамырдан кейін қыза түседі. Жоба елімізді рухани балансқа алып келмек, – деді «Көк түрік» тобының мүшесі Нұрболсын Төлеухан.

Өзгелердің жаңалығы