CIPCC-2025 журналистері Шицюаньда күріш алқабы мен жібек өндірісімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Сианьн қаласынан.
Делегация күріш алқаптарын аралап, жергілікті шайдан дәм татты және жібек фабрикасына экскурсия жасады.
Журналистерге уездегі күріш террасалары көрсетілді. Бұл жерде егіс пен күтім жұмыстары автоматтандырылған. Мәселен, Чжунчи болысында биыл мыңдаған гектар жерге күріш егілген. Агрокешен аумағында қонақтарға жергілікті шай ұсынылды.

Шицюань жібек шаруашылығымен танымал. Фабрикада журналистерге өндірістің барлық кезеңі көрсетілді:
- кокондарды сұрыптау,
- ыстық суда жұмсарту, автоматтандырылған құрылғыларда жіпті тарқату,
- жіпті бұрау, жуу және бояу, сондай-ақ мата тоқу мен дайын бұйымды әрлеу.
- Жібек өндірісі уездегі басым бағыттардың бірі ретінде ресми бекітілген.



Шицюань ежелден жібек шаруашылығымен байланысты. Мұнда табылған «қола жібек құрты» өңірдің көне Жібек жолымен байланысын дәлелдейді. Қазір жергілікті шаруашылықтар «алты жаңғырту» әдісін енгізген. Оның ішінде смарт-инкубация, жеңілдетілген азықтандыру, автоматтандырылған қуыршақтандыру, кокондарды электронды саудаға шығару, жабдықты жаңарту және цифрлық сервистер бар. Соның нәтижесінде шикізат сапасы 6А деңгейіне жетті. Сатып алу бағасы ең жоғары кезеңде 0,5 келі үшін 36,6 юань болды.

.jpeg)
Ресми дерекке сүйенсек, уезде тұт ағашының көлемі – шамамен 72 мың гектар. Жібек шаруашылығымен 10 мыңнан астам отбасы айналысады. 2023 жылдың екі жазғы маусымында 1000 тоннадан астам кокон өндірілген. 2022 жылы саланың жалпы өнім көлемі 1,8 млрд юаньға жетті.
Жібек өндірісі Қытайда мыңдаған жыл бұрын басталған. Археологиялық табылғылар б.з.д. төртінші мыңжылдыққа дейінгі кезеңде жібек өндіру болғанын растайды.
Бастапқыда жібек тек сарайдағы әулет пен ақсүйектердің киімінде қолданылды. Кейін бұл өнер біртіндеп дамып, Жібек жолы арқылы Орта Азияға, одан әрі Батысқа таралды. Осылайша жібек Қытайдың ішкі мәдени мұрасынан бүкіл әлемдік сауда мен өркениет тарихының маңызды бөлігіне айналды.
