Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

19 Желтоқсан 2024, 23:45
577
Бөлісу:
 olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Нави-Мумбайда (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің жұптық сайысында жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жұптық сында Жібек Құламбаева және үндістандық Шривалли Бхамидипати ширек финалда Таиланд спортшылары Тхасапори Накло/Буньяви Тамчайватпен кездесті. Нәтижесінде, Қазақстан-үндістандық жұп 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Жібек Құламбаева/Шривалли Бхамидипати финалға шығу үшін үндістандық жұп Рия Бхатия/Зил Дисаимен кездеседі.

Өзгелердің жаңалығы