Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Бұл жеңіс Жібек Құламбаевагың осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы.

 Қазақстан теннис федерациясы Кеше 2026, 22:33
Кеше 2026, 22:33
109
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында үздік шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Финалдық кездесуде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев (Германия) / Севиль Юлдашева (Өзбекстан) жұбын сенімді түрде ұтты. Есеп: 6:1, 6:4.

Айта кетейік, бұл Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы. Ол бұған дейінгі екі аптада да осы елде өткен турнирлерде чемпион атанған болатын.

Наверх